Басты бет / Велоспорт / ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БЕС АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БЕС АЛТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Үндістанның Нью-Дели қаласында велоспорттан Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы айтулы додада топ жаруда.

Кеше жасөспірімдер арасындағы жекелей із кесу сайысында Йоган Штейн алтын медаль жеңіп алды. Тағы бір жүлдені жастар арасында Светлана Пащенко еншіледі. Ол скретч сайысында екінші болып мәре сызығын кесті.

Ерлер арасындағы жекелей із кесу сайысында құрама көшбасшысы Артем Захаров күміс жүлдегер атанды. Артемды Үндістан мемлекетінде аллергия ауруы мазалапты. Бірінші орынға жетпеудің басты құпиясы осы болуы да мүмкін. Бірақ спортшы өзінің орнына риза екенін айтты.

Әзірге Қазақстан құрамасы сапында Сұлтан Миралиев әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды. Кеше омниум бәсекесінде жеңіске жеткен ол керекті ұпайларын толтырып алды. Ал Артем Захаров «Astana Pro Team» құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысатын болады.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасында 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.

Сондай-ақ

СҮЙРЕТПЕМЕН МАРАФОНДЫ ЖЕҢГЕН МЕКСИКАЛЫҚ ҚЫЗ

Бүгін біз сіздерге әлемдегі ең төзімді марафоншылардың бірі туралы айтпақшымыз. Бұл Мария Лорена Рамирес. Мексика …