73 кг салмақ дәрежесінде дзюдошылар арасындағы Олимпиада жүлделері сарапқа салынуда.
Бұл салмақта ел намысын 19 жасар Дидар Хамза қорғады. Бірінші айналымда Гамбиялық Файе Нжиені жеңіп, келесі кезеңге өтті. Файе 2015 жылғы Африка ойындарының күміс жүлдегері, рейтингте 83 орында.
Келесі айналымда жерлесіміз əлемдік рейтинг бойынша екінші тұрған Рустам Оруджевпен күресті. Өкінішке орай 24 жасар əзірбайжандық үш шидомен жеңіске жетіп, отандасымызды жарыс жолынан шығарып жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Дидар өзінің Олимпиада ойындарына қатысатынын 11 күн қалғанда ғана білген болатын.