Жапония астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатының үшінші күнінде (18 және 23 жасқа дейін) жақсы нәтижеге қол жеткізді.
77 келі салмақта Михаил Макеев қос сайыс қорытындысы бойынша 321 келіні еңсеріп (143+178) алтын медаль еншіледі.
Ал осы салмақта Аманжол Серікбол қол жүлдеге қол созды (137+160). Айта кету керек, Аманжол «Б» тобында жарысқа түскен болатын.