Басты бет / Мақала / ЗОРАН ВУЛИЧ: «ТОБЫЛ ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ЖИНАҚЫЛЫҚ БАЙҚАЛАДЫ»

ЗОРАН ВУЛИЧ: «ТОБЫЛ ОЙЫНШЫЛАРЫНАН ЖИНАҚЫЛЫҚ БАЙҚАЛАДЫ»

«Атырау» футбол клубының бас бапкері Зоран Вулич «Тобыл» командасына қарсы өткізген ойыннан кейінгі пікірімен бөлісті:

— Бүгін үздік команда жеңіске жетті, бір ойыншы жеңіске жетті, ол — Щеткин. Ол өте жақсы ойын көрсетті. Екінші ойында жақсы өткізіп, ұпай жинауымыз керек.

— Екінші кезеңде құрама жинала бастағандай болды, үзілісте қандай нұсқау бердіңіз?

— Біз желге қарсы ойнадық. Сондықтан қиын болды. Қос құрама да ойынды жақсы бастады. Кейін «Тобыл» жылдам гол соғып алды. Үзілісте берген тапсырмамды команда орындай алмады.

— «Тобыл» бүгін сізді таң қалдыра алды ма?

— Білмедім. Бүгін біз өте нашар ойнадық «Тобыл» құрамасына бүгінгі ойын үшін алғыс айтамын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін.

— «Тобыл» ауыр қарсылас па?

— Жоқ, әдеттегідей команда. Жинақылық пен жақсы ойыншылар бар екен.

— Ойыншыларыңызда қандай тапсырма болған?

— Жеңу. Әр ойын сайын тапсырма біреу — жеңу.

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі. Аударған dodasport.kz сайты.

Сондай-ақ

«АҚТӨБЕ» КЛУБЫНАН 9 ҰПАЙ АЛЫП ТАСТАЛАДЫ

Қазақстан футболында тағы бір даудың шеті шығып келе жатыр, деп жазады Kaz.Vesti.kz тілшісі. «2012-2013 жылдары …