Бүгін белгілі спортшы Мұстафа Өзтүрік дүниеге келген.
62 жыл бұрын (1954-1995) белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Өзтүрік Мұстафа дүниеге келді.
Ыстамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.
2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.
Туған халқын сүйіндіріп, сүйсінткен тау тұлға, тар дүниенің тарансасынан талайлы тағдыры ерте түсірген тарланбоз — Мұстафа Өзтүрік. Көзден кетсе де, көңілден еш кетпейтін атақты шығыс жекпе-жегінің хас шеберінің өлімі де жұмбақ күйінде қалды.
Атамекенін аңсап жетіп, топырағын сүйіп туған елімен табысқан есіл ерді абайсызда ажал алып кетті. Кіндік жұртынан аққа оранып, аруланып аттанып Түркиядағы әкесінің жанына жерленді. Өзтүріктің жалғызы еді. Артынан ерген қарасы да жалғыз. Біз білсек, Германияда тұрады. Ал, атажұртта ардақты ұлдың даңқы қалды.
Алаш айбозын ұмытқан жоқ. Мұстафаның атында көше, шығыс жекпе-жек мектебі, шәкірттері бар. Жыл сайын Мұстафа Өзтүрік атындағы жарыс өтіп тұрады.
Жоғарыдағы суреттер — Алаштың арланы жалғанда жортып өткен жолдар…