Басты бет / Кәсіпқой бокс / Бекман Сойлыбаев / БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ — ВАРГАСТЫ ЖЕҢІП WBC INTERNATIONAL БЕЛБЕУІН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ — ВАРГАСТЫ ЖЕҢІП WBC INTERNATIONAL БЕЛБЕУІН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды.

27 жастағы Сойлыбаев 39 жастағы мексикалық Фернандо Варгасты төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңді. Кездесу Лас-Вегаста өтіп, 10 раундқа созылды. Кездесу Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі — ESPN арнасында көрсетілді.

Айта кетейік, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр.

Ал, бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрторикалық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өткен жекпе-жекте, Габриэль Росадо жеңіске жетті.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН МЕДЕУ «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫМЕН» АТАП ӨТЕДІ

Наурыздың 8-і күні Халықаралық әйелдер мерекесін Медеу «Спорттық Алматы» бағдарламасымен атап өтеді, деп ақпараттық және …