Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ТЕННИСШІЛЕРІМІЗ ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

ТЕННИСШІЛЕРІМІЗ ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

 

Қазақстандық теннисші қыздар Федерация кубогы бірінші тобының Азия және мұхит аймағының А тобында екінші ойынында жеңіске жетті. Сөйтіп, финалдық кезеңге жолдама алып отыр.

Алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы Астанада Оңтүстік Корея құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Жеке сайыста Галина Воскобоева екі сетте На-Лэ Ханды 7:5, 6:1 есебімен жеңсе, Ярослава Шведова екі сетта Су Джеонг Джангтан 5:7, 2:6 есебімен ұтылды. Кездесудің тағдыры жұптық сайыста шешілді. Воскобоева мен Шведова жұбы шешуші ойында На-лэ Хан мен Ким На Ри жұбын екі сетте 6:2, 6:4 есебімен ұтып, алғашқы жеңісімізді еншіледі.

Екінші жарыс күні Тайланд теннисшілерін 3:0 есебімен таза ұттық. Галина Воскобоева екі сетте Ничу Лертпитаксинчайды 6:1, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева да қарсыласы Луксику Кумхумді 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңді. Жұптық сайыста Ярослава Шведова мен Камила Керімбаева қарсыластары Камонван Буаям мен  Пеангтхан Плипхечті 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Ертең құрамамыз «В» тобында жеңіске жеткен Жапон қыздарымен күш сынасады.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА КИКБОКСТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

  Ертең, наурыздың 23-і Атырау қаласында кикбокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтереді. Сайысқа …