Габонда өткен Африка ұлттары кубогын Камерун құрамасы еншіледі. Олар финалда Салах бастаған Египет құрамасын 2-1 есебімен жеңді.Үшінші орын үшін өткен ойында Буркина-Фасо құрамасы Гананы 1:0 есебімен ұтты.
Турнирдің үздік сұрмергені болып, елордалық «Астана» клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга танылды. Джуниор Кабананга бақ сынайтын Конго Демократиялық Республикасы жарысты ширек финалда аяқтады. Гана құрамасына 2:1 есебімен есе жіберіп алды. Ал топтық кезеңде конголықтар Марокко мен Того құрамаларын ұтып, Кот-д’Ивуар құрамасымен тең түскен еді. «Астана» шабуылшысы үш ойында да гол соққан болатын.