Кәсіпқой бокс орта салмақтың үздігі атанып, төрт бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы жекпе-жекке дайындығы ойдағыдай. Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Абель Санчес Artist Sports басылымына берген сұхбатында айтып өтті.
— Біз алдағы кездесуге тыңғылықты дайындалудамыз. Давид Бенавидес секілді боксшылармен 6-9 раундтық жекпе-жектер өткізудеміз. Барлығы ойдағыдай, — деді бапкер.
Шәкіртінің алдағы қарсыласы Джейкобсты сыйлай отырып, американдықтың жақсы тұстары жайлы да өз ойымен бөлісті. Мексикандықтың пікірінше: «Геннадийдің шеберлігі қарсыласынан едәуір жоғары. Дегенмен, Дэниелдың Жжеб соққылары жойқын. Сондықтан Қазақстандыққа мұқият болу қажет».
Кәсіпқой бокста 36 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен (33 КО) Головкин мен 32 жекпе-жек өткізген Джейкобс арасындағы кездесу 18-наурызға белгіленген. Ғаламат бокс кеші Нью-Йорктағы «Madison Square Garden» спорт кешенінде өтеді.