Құрлықтық хоккей лигасы 2018/2019 маусымының бесінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында нижний новгородтік «Торпедоға» қарсы ойын өткізді.
Астана қаласында өткен кездесуде есеп басын бірінші таймда «Торпедо» ойыншысы ашты. Ал екінші елордалық клуб есепті теңестіріп, үшінші таймда тағы үш гол соғып, қрсыластарын ойсырата жеңді.
«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының бесінші кезеңінен кейін, шығыс аймағында алты ұпаймен сегізінші орында тұр.
Енді «Барыс» келесі ойынын, 16-шы қыркүйек күні Астана қаласында қазандық «Ақ Барсқа» қарсы өткізеді.
Сурет: Hcbarys.kz сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт