Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СЕМСЕРЛЕСУДЕН ТАҒЫ ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

АЗИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СЕМСЕРЛЕСУДЕН ТАҒЫ ЕКІ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Бүгін Қазақстан спортшылары семсерлесуден Азия ойындарынданың екі медальды жеңіп алды.

Саблядан Қазақстан әйелдер командасы, Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп — 25:45.

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді.

Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған сабляшы қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді.

Ал шпагадан Қазақстан ерлер командасы жартылай финалда Жапония құрамасына жол беріп, құрлық додасында үздік үштікке енді. Есеп — 36:45.

Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексани, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов төрттігі Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр.

Бұған дейін, 19-шы тамыз күні шпагашы Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы және әзірге жалғыз алтынды салған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

ЙОН ЖӘНЕ ГОРКА ИСАГИРРЕЛЕР «АСТАНА» САПЫНА АУЫСАДЫ

«Астана» командасы испаниялық екі шабандоз – Йон Исагирре және Горка Исагиррелермен екі жылдық келісім шартқа …