Әзірбайжан астанасы Баку қаласында «А» санатынағы жастар арасында атақты боксшы Аббас Ағаларов атындағы Халықаралық турнир мәресіне жетті.
17-18 жас аралығындағы боксшылар бәсекесіне биыл 18 елден 160-тан астам қатысушы келді. Әзірбайжан, Ресей, Грузия, Израиль және Қазақстан құрамасы айтулы доданың тұрақты қатысушылары болып табылады.
Құрамадағы жалғыз алтынды 56 келі салмақта Әлібек Жарқынбек иеленді. Евгений Павлов (52 кг), Талғат Шайкен (60 кг), Эльдияр Қамшыбеков (81 кг) пен Дамир Тойбай (+91 кг) күміс жүлдегер атанды. Тұрсынәлі Алдияр (75 кг), Жакпенов Ермахан, Дарын Берікжанов (81 кг) және Ұланұлы Нұрдәулет (+91 кг) қола медальді мойнына тақты.
Ғалым Кенжебаев бастаған Қазақстан жастар құрамасы бұл турнирде Әзірбайжандықтардан кейін екінші орынды иеленді.