Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Бокс / ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ БЕРЛИННЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ БЕРЛИННЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 

Германияның Берлин қаласында бокстан жастар арасындағы «Brandenbur cup» халықаралық турнирі мəресіне жетті. 

21-ші рет өтіп отырған Еуропа құрлығындағы ең айтулы турнирлердің бірінде Ғалым Кенжебаев бастаған ұлттық құрама 4 алтын, 3 күміс жəне 2 қола медаль еншіледі.

Алтын:
Хамитов Рустам.
Арапов Айдос.
Бек Нұрмағанбетов.
Бекзат Нұрдәулетов.
Күміс:
Сапенов Қазыбек.
Сейтжанов Рай.
Дмитрий Акцигер.
Қола:
Теміржанов Серік.
Байшев Рүстем.

Айта кетейік, былтыр өткен 20-шы «Brandenbur cup» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы тек екі алтын медальмен шектелген болатын. Ол кезде Арапов Айдос пен Әбілхан Аманқұл чемпион атанды.

Қазақстан жастар құрамасы жақында Сербия елінде өткен халықаралық турнирде де өте жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Жастарымыздың ендігі межесі әлем чемпионаты.

 

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙШІЛЕРІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА БАРМАЙДЫ

  Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан олимпиадалық ірітеу турнирінде сүрінді. Андрей …