Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында, Қазақстан чемпионы «Астана» даниялық «Мидтьюлландпен» 0:0 есебімен тең ойнап, үшінші кезеңге жолдама алды.
Хернинг қаласының «Хернинг Арена» стадионында өткен ойында, «Астана» ойыншысы Жуниор Кабананганың бірінші таймда соққан таза голын, испаниялық бас төреші Хуан Мартинес есепке алмады, себебі доптың қақпа сызығынан асқанын көрмей қалды.
Ал екінші таймның 47-ші минутында «Мидтьюлланд» ойыншысы Эрик Святченконың елордалық клуб қақпашысы және капитаны Ненад Эричке қарсы тәртіп бұзып салған голын да есеп алмады.
Бір апта бұрын, «Астана» өз алаңында «Мидтьюлланд» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірген болатын. Екі ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен «Астана» Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңге жолдама алса, ал «Мидтьюлланд» Еуропа Лигасының дәл сондай кезеңіне өтті.
«Астананың» келесі кезеңдегі қарсыласы Загребтік «Динамо» болады. Загребтік «Динамо» екінші іріктеу кезеңінде Беэр Шевалық «Хапоэльді» екі ойын нәтижесі бойынша — 5:0, 2:2 есептерімен жеңген болатын. «Астана» клубы бірінші ойынды 7-ші тамыз күні өз алаңында өткізсе, бір аптадан кейін қарымта ойын өтеді.
Фото: «Астана» клубының ресми сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт