15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері өтеді.
Боксшылардың промоутерлері бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін боксшылардың тізімін жасақтады.
Егерде ешқандай өзгерістер болмаса, дәл осы боксшылар Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегінің алдында қолғап түйістіреді:
Давид Лемье (39-4, 33 КО) — Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО)
Хайме Мунгия (30-0, 25 КО) — Брэндон Кук (20-1, 13 КО)
Роман Гонсалес (46-2, 38 КО) — Мойзес Фуэнтес (25-5-1, 14 КО)
Кіші Верджил Ортис (10-0, 10 КО) — Роберто Ортис (35-3-2, 26 КО)
Алексис Роча (11-0, 8 КО) — Карлос Ортис Сервантес (11-2, 11 КО)
Джаба Хоситашвили (3-0, 2 КО) — Лоуренс Кинг (4-0, 3 КО)
Брайан Себальо (4-0, 2 КО) — Давид Томас (6-3-1, 2 КО)
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт