Қараша айының 17-26 аралығында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін додаға Қазақстан құрамасы келіп жетті.
«Сибур» аренада өтетін жастар додасына Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады. Одан бөлек он салмақ бойынша Әзірбайжан, Венгрия, Германия, Үндістан, Иран, Ресей, Румыния, Өзбекстан және Украина құрамалары спортшыларын әкелген.
Бокстан ҚР жастар құрамасы әлем чемпионатына дайын:
Павлов (49 кг),
Арапов (52 кг),
Төлтаев (56 келі),
Төлтаев (60 келі),
Мерхатұлы (64 кг),
Ахмедов (69 кг),
Нұрмағанбет (75 кг),
Нұрдәулетов (81 кг),
Тайбағар (91 кг),
Дәуренұлы (91 + кг)