Басты бет / Басқа түрлер / ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

 

Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың үшінші күні Қазақстандық спортшылар үш қола медаль еншіледі.

Бұл жолы Қазақстандық самбошыларға алтын медаль алудың реті келмеді. Әйелдер арасында Ділдәш Құрышбаева 68 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Ерлер арасында Ерасыл Қажыбаев аса ауыр салмақ дәрежесінде үштіктен көрінді.

Ескери самбодан Нұркелді Қиялбеков те 68 келі салмақта қоланы қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, Жарыстың алғашқы күні Қазақстандық спортшылар жүлдеден тыс қалды. Екінші күні қос күміс пен қоланы еншіледік

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО аясында өтетін бокс кешіндегі Мейірімнің қарсыласы анықталды. Төртінші жекпе-жектегі қарсыласымыз Бразилиялық Исмаэль Буэно. Исмаэль …