Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ТЕННИСТЕН ҚЫСҚЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ТЕННИСТЕН ҚЫСҚЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Астана қаласында ересектер арасында теннистен Қазақстан біріншілігі өтті.  Теннис орталығында өткен сайыста Кәмила Керімбаева мен Тимур Хабибулин жеңіске жетті.

Шымкенттік спортшы қыз Кәмила Керімбаева финалда Алматылық Дарья Детковскийді  6:1, 6:3 есебімен ұтты. Үшінші орын үшін таласта Александра Гринчишина (Алматы) Камила Болатованы  (Астана)  6:1, 6:1 есебімен жеңді.

Ерлер арасында Алматылық спортшы Тимур Хабибулин жеңіске жетті. Ол финалда Шымкент теннисшісі Роман Хасановты  6:4, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Үшінші орында Алматылық Денис Евсеев.

Жұптық сайыста Алматылық Алексей Кедрюк/Тимур Хабибулин пен Шымкенттік  Камила Керимбаева\Дарья Детковская жұптары чемпион атанды.

 

 

Сондай-ақ

«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ ЖАҢА ШАБАНДОЗБЕН ТОЛЫҚТЫ

Әлемдік деңгейдегі  «Астана» велокомандасы Испаниялық велошабандоз Омар Фраилемен 2018-2019 жылғы маусым аралығына келісім шартқа отырды. …