Өзбекстанның Самарқан қаласында параконэден тұңғыш рет Азия чемпионаты өтуде.
28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін додада Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Сингапур, Үндістан және Қытай елдерінің спортшылары бақ сынауда. Алғаш рет өтіп жатқан ескек есу спорты бойынша Азия чемпионаты мен Азия Кубогын өткізу мәртебесі Өзбекстан еліне бұйырып отыр. Қатысушылар саны 200-ден асады.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстандық спортшылар жүлдеден тыс қалмады. Жалғас Тәйкенов күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал әйелдер арасында Жаңыл Балтаева қола медаль иеленді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт