Британиялық боксшы кіші Крис Юбэнк (23-1, 18 КО) Independent басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен мүмкін болар жекпе-жегі жайлы айтып берді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Мен Головкинмен жұдырықтасқым келетіндігі жөнінде бір жарым жылдан бері айтып келемін. Оны Р4Р бойынша әлемнің үздік боксшыларының бірі дейді. Ал мен бұл пікірдің жаңсақ екенін дәлелдегім келеді. Жұртқа тек шындық керек. Қарсыластарын нокаутпен жеңіп жүргеніне қарап, көпшілік оны мықты деп ойлайды. Ал мен оның жекпе-жектерін көргеннен кейін біраз кемшін тұстарын байқадым. GGG-дан айламды асыра алатыныма сенімдімін», – дейді кіші Юбэнк.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас өткен жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс болатын. Алайда келіссөздер барысында британиялық боксшының әкесі ұйымдастыру жұмыстарын толығымен өз иелігіне алғысы келгендіктен, жоспар аяқсыз қалды.