Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫН БАСҚАРАДЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ФЕДЕРАЦИЯСЫН БАСҚАРАДЫ

 

Қазақстан Республикасы Үстел теннисінің федерациясын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Бұл шешім бүгін, 26 желтоқсанда Астанада Федерацияның кезектен тыс болған конференциясында қабылданды.

Бұл лауазымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында Бақтықожа Ізмұхамбетов болған еді.Одан басқа, федерацияның басшылық органы сайланып, ДаниярАбулгазин Бас хатшы болды.

«Нәтижелі жұмысқа және маған көрсетілген сенімге орай мен Конференцияға қатысушыларға алғыс білдіремін. Біздің алдымызда төрт жылдық жаңа кезең басталды. 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадағы маңызды жарыстарда сынға түсетін боламыз. Үстел теннисіндегі нәтижелерді жақсарту жөніндегі күрделі де қиын жолдарды бірге бағындырамыз. Сондықтан аймақтардағы материалдық-техникалық базаны нығайту және аймақтық федерацияны дамыту, жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру, біздің спортшыларды сапалы жаттығу жағдайлары мен қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және үстел теннисінен әлемдік спорт аренасында Қазақстан орнын күшейту қажет деп санаймын. Федерацияның басты міндеттерінің бірі –үстел теннисінің елімізде кеңінен қанат жаюын қамтамасыз ету, спорттың осы түріне бұқаралық сипат беру болып табылады. Сондай-ақ үстел теннисін дамыту саласында озық тәжірибелер мен алмасуды ұйымдастыру да маңызды», — деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы осы спорт түріндамытудың қазіргі кездегі өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ конференцияда федерация атқару комитетінің жаңа құрамы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясының есеп беру-сайлау конференциясының ашылуымен құттықтай отырып, сіздерге жемісті жұмыс тілеймін, — деді А. Мұхамедиұлы жиында.

Бүгін төрт жылдық кезеңдегі Федерацияның жұмыс қорытындысы сияқты өте маңызды және атаулы оқиғаға куә болып отырмыз.

Қазақстанда үстел теннисі аса танымал спорт түрі  болып табылатынын атап өткен жөн. Осы спорт түрімен жүйелі айналысатындардың саны 147 мың адамды құрайды. Спорт мектептері  мен дене шынықтыру ұжымдарында 2582 жаттықтырушы еңбек етеді.

Тәуелсіздік жылдарда тұңғыш рет Кирилл Герасименко 2016 жылғы  Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Біз барлығымыздың күшімізбен әлемдік қоғамдастықта жоғары нәтижеге жетеміз деп сенеміз және де алдағы Олимпиада ойындарында үстел теннисінен біздің құрама барлық үмітті ақтайды деп сенеміз.

Сондай-ақ

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКСПО аясында өтетін бокс кешіндегі Мейірімнің қарсыласы анықталды. Төртінші жекпе-жектегі қарсыласымыз Бразилиялық Исмаэль Буэно. Исмаэль …