Басты бет / Қысқы спорт / 500 МЕТРДІҢ АЛТЫНЫ НЕГЕ БҰЙЫРМАДЫ?

500 МЕТРДІҢ АЛТЫНЫ НЕГЕ БҰЙЫРМАДЫ?

 

Универсиада ойындарындағы шорт-трек сайысы бойынша екінші жарыс күні  мәресіне жетті. 500 метр қашықтықта отандасымыз Абзал Ажғалиев күміс, Денис Никиша қола медаль жеңіп алды. Жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ким До Киоум жетті.

Бұл жарыста Ким До Кюм мәреге 41,175 секундта, Абзал Ажғалиев 41,479 секундта, Денис Никиша 58,769 секундта келді. 500 метр қашықтық Қазақстандық спортшылардың негізгі сайысы саналады. Не себепті алтын алудың реті келмеді? Бұл туралы қола жүлдегер Денис Никиша баяндап берді:

«Финалға дейін барлығы ретімен келген. Финал бастала салысымен Корея елінің спортшысымен соқтығысып құлап қалдым. Кейін орнымнан тұрып мәреге бара салдым. Бір қызығы сайысты басынан бастап қайтадан өткізетін болар деп ойлағам. Бірақ олай болмады. Қытайлық спортыны шеттетіп, маған үшінші орынды бере салды.

Негізігі мақсатымыз алтын алу болған. Егер де төрешілер уақытында дұрыс шешім қабылдағанда финалдық бәсеке басынан басталатын ба еді. Өкінішке орай бәрі басқаша болды. Алтын медаль алмағанымыздың басты себебі төрешілердің бүгінгі қателігі», — деді Денис Никиша.

Одан бөлек спортшылар эстафетада бақ сынады. Қазақстан қыздар құрамасы екінші орынмен, ал ерлер құрамасы бірінші орынмен ақтық сынға жолдама алды. Ертең эстафетамен қоса 1000 метрдегі үздіктер анықталады.

Қазақстан қазір 10 алтын, 6 күміс, 11 қола медальмен жалпы есепте екінші орында келеді. Бірінші орында 20 алтынмен Ресей тұр. Үздік үштікке сегіз алтыны бар Оңтүстік Корея енген.

Алматыдағы қысқы универсиада 8 ақпанда аяқталады.

Сондай-ақ

ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті Қазақстан атынан …