Венгрия елінде автоспорттан Еуропа кубогы өтті (ETCC 2-ші кезең).
Қазақстан намысын бұл сайыста Александр Артемьев қорғаған болатын. Отандасымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшаларының бірінде жарыс барысында көптеген қиындықтарды басынан өткергенін жазады. Уәде берген демеушілер жарыс басталар сәтте қолдау көрсетуден бас тартқан. Кейін спортшымызға Испанияның «Baporo motorsport» командасы қолдау көрсетіпті. Тіпті демеушілер тапшылығына байланысты пилот қалаған адамдарға көлігіне тегін жарнама жасап берген.
1-орын Сшерейбер (Швейцария) 14 айналым.
2-орын Артемьев (Қазақстан) +1,24
3-орын Наги (Венгрия) +4,77