Болгария астанасы София қаласында бокстан жастар арасындағы Эмил Жечев мемориалы мәресіне жетті.
Халықаралық турнирге 17 елдің боксшылары қатысты. Ғалым Кенжебаев бастаған Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль еншіледі.
64 келіде сынға түскен Санатәлі Толтаев чемпион атанып қана қоймай, «ең үздік» боксшы атағын жеңіп алды, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты. Оның бауыры 60 келі салмақта Саматәлі Толтаев та үздік атанды. Құрама қоржынына тағы бір алтынды 69 келідегі Ермахан Жақпеков алып келді.
75 келіде Оралбай Нұрбек финалға дейін жетіп, Ресей боксшысына есе жіберді.
Айбек Досанов (52), Нығметолла Молдашев (56) және Нұрдәулет Ұланұлы (+91) қола жүлдегер атанды.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші, Ресейліктер екінші, Әзірбайжандықтар үшінші орыннан көрінді.