Басты бет / Бокс / ТАЙЛАНДТАҒЫ БОКС ТУРНИРІНЕН АЛТЫНҒА ТЕК АХМЕДОВ ҮМІТТІ

ТАЙЛАНДТАҒЫ БОКС ТУРНИРІНЕН АЛТЫНҒА ТЕК АХМЕДОВ ҮМІТТІ

Таиландта өтіп жатырған «Thailand International Invitational Tournament» турнирінің финалдық кездесулері: 

49 келіде, Шиям Кумар Какара (Үндістан) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
52 келіде, Танес Онгжунта (Таиланд) — Франк Залдивар Сантистева (Куба)
56 келіде, Чатчай Бутде (Таиланд) — Жо Хио Нам (Солтүстік Корея)
60 келіде, Сомчай Вонгсуван (Таиланд) — Доржнямбуугийн Отгондалай (Моңғолия)
64 келіде, Эльнур Абдураимов (Өзбекстан) — Вуттичай Масук (Таиланд)
69 келіде, Садриддин Ахмедов (Қазақстан) — Шахрам Гиясов (Өзбекстан)
75 келіде, Ослей Иглесиас Эстрада (Куба) — Исроил Мадримов (Өзбекстан)

Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017 турнирінде, 69 келі салмақ дәрежесінде жастар арасындағы әлем чемпионы Ахмедов, жартылайфиналда филиппиндік Жоэл Бахоны жеңіп, финалға шықты.

7 сәуірде, финалда, Ахмедовтың қарсыласы 2016 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері өзбек боксшысы Шахрам Гиясов болмақ. Шахрам Гиясов – Өзбекстан құрамасы сапындағы тәжірибелі боксшылардың бірі. Естеріңізде болса, өзбек боксшысы Рио Олимпиадасының финалында Данияр Елеусіновтен жеңілген болатын. Ал ақпан айында Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында Шахрамды Талдықорғанда Асланбек Шымбергенов те ұтқан еді.

Ал, 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азат Махметов көзінен жарақат алып, қарсыласы кубалық Залдивар Сантистеб Франк финалға жолдама алып кетті.

75 келі салмақта, Ерік Әлжанов пен кубалық Иглесиас Эстрада Ослей кездесіп, финалға кубалық боксшы өтті.

Сондай-ақ

«АСТАНА» ВЕЛОКОМАНДАСЫ ЖАҢА ШАБАНДОЗБЕН ТОЛЫҚТЫ

Әлемдік деңгейдегі  «Астана» велокомандасы Испаниялық велошабандоз Омар Фраилемен 2018-2019 жылғы маусым аралығына келісім шартқа отырды. …