Астана, 24 мамыр 2017 жыл – Халықаралық спорт журналистері күні қарсанында және еліміздің олимпиадалық ведомстваның құрылғанына 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорттық журналистика мен елімізде Олимпиадалық қозғалыстың дамыуына арналған жыл сайынғы Конкурстың тағайындалғанын хабарлайды.
Байқау жеңімпаздары қазақстандық олимпиадалық спорт, елімізде олимпиадалық қозғалыстың дамуы туралы журналистік материалдардың арасынан анықталмақ.
«Журналистер арасындағы жыл сайынғы конкурс кәсіби мамандардың арасында қызығушылық тудырып, оған республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысады деп үміттенеміз. Журналистердің жедел жұмысы қазақстандық спортшылардың жеңістерінің көлеңкесінде жиі қалып жатады. Бірақ, отандық спортшылардың жетістіктері туралы бірінші хабарлайтынын дәл осы журналистер. Сондықтан, біз спорттық журналистика саласында конкурс ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық. Оның басты мақсаты – спорт тақырыбында туралы тұрақты әрі тәуелсіз қалам тербеуге ынталандыру, елімізде олимпиадалық қозғалысты дамыту, қазақстандықтардың салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру, спортты насихаттау», — дейді ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті жеңімпаздарды төрт атаулым бойынша анықтайды:
- “Үздік телевизиялық жоба”;
- “Баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым”;
- “Электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым”;
- “Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарындағы спорт туралы үздік материал”.
Конкурске өтініштер 2017 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады. Конкурстың шарттарымен ҚР ҰОК ресми сайтынан танысуға болады.