Басты бет / Кәсіпқой бокс / ӘЛИ АХМЕДОВ NABF БЕЛБЕУІН ҚАЛАЙ ЖЕҢІП АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

ӘЛИ АХМЕДОВ NABF БЕЛБЕУІН ҚАЛАЙ ЖЕҢІП АЛҒАНЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (7-0-0, 6 КО) америкалық Кент Холландқа қарсы өткізген соңғы кездесуі туралы айтып берді.

— Ол бірінші минуттан бастап «лас» жұдырықтаса бастады. Алдағы көп ұмтылды. Бірақ оның шеберлігі аса жоғары емес. Мен алдымен оның соққыларынан бұғып, арта шегініп қарсы алып жаттым. Кейіннен апперкот соққысымен күтіп алдым. Қарсыласымның шамалы есеңгіреп қалғанын байқадым. Сосын тағы бірнеше соққы жасадым. Сөйтіп ол құлады.

— Қарсыласыңыздың рейтингін қарап, мықты қарсылас шығар деп едік. Бірақ, ол біз күткендей өнер көрсете алмады. Сіз қалай ойлайсыз?

— Иә, мен де оның деңгейі жоғары деп ойлаған едім. Мамандардың айтуынша, ол ыңғайсыз қарсылас негізі.

— Бапкеріңіз сіздің өнеріңізге разы болды ма?

— Бұл жекпе-жекте барлығы мен үшін сәтті өтті. Бірақ бапкерім кездесуді тым ерте аяқтадың дейді … (күліп)

— Енді алдағы жоспарыңыз туралы айтып берсеңіз. Соңғы кездесуде жарақат алып қалмадыңыз ба?

— Жоқ. Барлығы дұрыс. Жарақат алған жоқпын. Алдағы жоспарларымды бірер күнде шешеміз.

Еске салайық, 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов NABF белбеуі үшін өткен кездесуде америкалық Кент Холландтан айласын асырып, кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне жеткен еді.

Сондай-ақ

СЕРІК САПИЕВ GGG МЕН «ҚАЗАҚТЫҢ» ІЗБАСАРЛАРЫН АТАДЫ

Олимпида чемпионы Серік Сәпиевтің ойынша, кәсіби бокста Геннадий Головкин мен Қанат Исламның ізбасарлары көп. Алайда …