Басты бет / Велоспорт / «ASTANA CITY» КОМАНДАСЫ «Baltyk Karkonosze Tour 2017» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

«ASTANA CITY» КОМАНДАСЫ «Baltyk Karkonosze Tour 2017» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 

Қазақстандық «Astana City» командасы 17-21 мамыр аралығында Польша елінде өткен «Baltyk Karkonosze Tour 2017» көпкүндігіне қатысты.

Құрамында Вадим Пронский, Дінмұхаммед Ұлысбаев, Григорий Штейн, Сергей Лущенко, Никита Панасенко, Юрий Натаров, Матвей Никитин және Нұрболат Құлымбетов бар  «Astana City» командасы 5 кезеңнен тұратын сайыста жеңіске жетті. Командадан Вадим Пронский мен Григорий Штейн кезең жеңімпаздары атанды.

19 жасар  «Astana City» командасының шабандозы Вадим Пронский 5-ші жекелей кезеңде жеңіске жету арқылы жалпы турдың екінші сатысынан көрінді. Вадим тек Польяк шабандозы Марек Руткевичке 12 секундқа қалып қойды. Онымен қосы Қазақстандық спортшы «ең үздік жас шабандоз» номинациясын ұтып алды. Бұл номинациядағы екінші орынды тағы бір отандасымыз Дінмұхаммед Ұлысбаев еншіледі. Дінмұхаммед өз кезегінде жалып есепте жетінші орын алды.

21  жасар Григорий Штейн бір кезеңде жеңіске жетіп, жалпы есепте 11-ші орыннан көрінді.

Сондай-ақ

«ДЖИРО Д’ИТАЛИЯ»-2017 ТОМ ДЮМУЛЕН ЖЕҢІМПАЗ

Мерейтойлық 100-ші «Джиро д’Италия» бүгін Милан қаласында 21-ші кезеңмен өз соңына таяды. «Джиро д’Италия»-2017 жеңімпазы «Sunweb» …