Келесі жыл Қазақстандық биатлоншылар үшін, жалпы қысқы спорттағы айтулы жылдардың бірі болатыны сөзсіз. Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарында әрбір спортшымыздың нәтижесі маңызды болмақ. Осы арада Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары қазірден басталып кетті. Биатлоншыларымыз мамыр айының басында алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
5-17 мамыр аралығында еліміздің ең мықты деген биатлоншылары Шығыс Қазақстан облысындағы Белокурих мекенінде алғашқы дайындтақтарын бастады. Бұл жиын бірінші кезекте қалыпқа келу негізінде өтті. Спортшылар велосипедте көп жаттығып, психологиялық мақсатта өздерін қалыпқа келтірді. Ол үшін арнайы мамандар да шақыртылған. Одан бөлек, бұл жаттығу жиыны танысу мақсатында өтті, себебі ұлттық құрамада үлкен өзгерістер орын алған болатын.
Қазақстан ұлттық құрамасын енді ресейлік білікті маман Валерий Польховский жаттықтыратын болады. Польховский отандық биатлон сүйер қауымға жақсы танымал. Ол 2015-2016 жылдары ұлттық құраманың кеңесші-жаттықтырушысы болған болатын. Онымен қоса ерлер құрамасының аға бапкері болып тағы бір Ресейлік маман Роберт Кабуков тағайындалды. Роберт те осал маман емес. Кезінде Германия, Ресей, Украина секілді елдерде тәжірбие жинаған. Бұл қос жаттықтырушымен бірге отандақ мамандар өз тәжірбиесін толықтыратын болады.
Еліміздің барлық белді биатлоншылары жаттығу жиындарына шақыртылған. Оның арасында ерлер құрамасының көшбасшысы Ян Савицкий де бар. Жастарымызда да осында: Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Александра Сасина, Роман Еремин, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин.
Дәл қаіргі уақытта спортшыларымыз жаңа маусымдағы дайындықы Новосибирскте бастап кетті. Шығыс Қазақстандағы жиыннан бұл жиын өзгешелеу. Спортшылар көп уақытын ату айлағына жұмсайды. Жаттығу залдарында физикалық қалпын жақсарту үшін түрлі жаттығулар орындауда. Мысалы кеше биатлоншылар өздерін бокста байқап көрді.
Новосибирсктегі жиын 25 мамыр күні аяқталады. Келесі жиын Словения елінде өтеді деп жоспарланған.