Басты бет / Басқа түрлер / ҚАЗАҚА КҮРЕСІ ҚАРА ҚҰРЛЫҚТА

ҚАЗАҚА КҮРЕСІ ҚАРА ҚҰРЛЫҚТА

Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) Кейптаун қаласында қазақ күресінен қара құрлық біріншілігі өз мәресіне жетті. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған айтулы додада 15 мемлекеттің өрендері бақ сынады.  

Төл өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп, мәртебесін арттыру мақсатында қолаға алынған бұл шара осы жоғары деңгейде жүзеге асты. Қазақ күресінің қыр-сырын меңгеріп, құдіретін мойындаған Африканың әр қиырынан келген балуандар екі күн бойы боз кілемде тер төгіп, өзара бәсекеде мықтыларды анықтады. Әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде ОАР-дың өкілі А.Петерсен озды. Финалда ол Свазилендтен келген К.Куненді қапы қалдырды. +70 келі салмақта Сейшел аралдарының спортшысы Г.Бакрустың бақ жұлдызы жанды. Ақтық сында ол Зимбабвенің мықтысы Л.Абдрейинен айласын асырды. Ерлер сайысында 70 келі салмақта свазилендтік Н. Маханияның мерейі үстем болса, 80 келі салмақта зимбабвелік Т.Шинжикурге тең келер ешкім табылмады. Аса ауыр салмақта боз кілем қожайыны Д.Петерсен бас жүлдені олжалады.

Жан алысып, жан беріскен айқастар аяқталғаннан соң жеңімпаздар мен  жүлдегерлер марапатталып, ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге, чемпионаттың бағдарламасы мен тәртібі бойынша төрешілер, команда өкілдері мен спортшыларға қазақ күресінен семинар өткізілді. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, құрлықтық чемпионаттың деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Осы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне төл күресімізден Африка федерациясының президенті Хусейн Наркер ерекше еңбек сіңіргенін айта кеткен абзал.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

 

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА «Olympic moves» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде «Olympic moves Coca Cola» спартакиадасының шешуші кезеңі 5-8-ші …