Басты бет / Басқа түрлер / ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

 

Алматыда, мамырдың 13-інен бастап он екі ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі аясында Қазақстан чемпионаты өтуде. Ертең ірі спорттық шара қалалық ипподромда мерекелік шарада өз мәресіне жетеді.

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев атап өткендей, «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында екінші рет өтіп жатқан республикалық фестиваль осы жылы, қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткішті орнатты:

— Барлық спорт түрkерінен қатысушылар саны есептелінген болатын, осы жылы 600-ге жуық спортшыны құрайды. Онымен қоса, атап өтетін жайт, Қазақстан тарихында «бәйге» ұлттық спорт түрінен ел чемпионаты алғаш рет өтіп жатыр. Оған Қазақстанның барлық аудандары қатысуда. Осыншама қатысушы басын алматылық ипподромда қосу, біз үшін үлкен мәртебе. Біздің ипподром халықаралық деңгейге сәйкес келетін, спортшыларға барлық жағдайлар қарасырылған ат жарысы өтетін алаң. Ал біз оның сапасын жақсарту үшін қолымыздан келгенін жасаймыз, — деп атап өтті Әбіл Дөңбаев.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер мен ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен жүлде қоры 24 млн. теңгені құрайтын болады. Бұл жайт, қатысушылардың ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылығын арттырмай қоймас.

Ертеңгі фестивальге арналған баспасөз мәслиxатында журналисттер сұрақтарына көкпардан ұлттық бапкер Рамазан Сәттібай мен ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов жауап берді.

— «Ұлы дала ойындары» осы жылы ауқымды жобалардың біріне айналды. Өткен жылы, ол бір күн ғана өтсе, осы жылы чемпионатқа айналып үлгерді. Алматы қаласының басшылары ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін аянбай қызмет етуде. Бұл бізді қуантпай қоймайды. Айта кетсек, 20-28 тамыз күндері ЭКСПО-2017 аясында, Астанада әлем мемлекеттерінің қатысуымен көкпардан дүниежүзілік чемпионат өтеді. Біздің басты мақсат — ертеңгі шарада ұлттық құраманы құру, — деп айта кетті Ерлен Оспанов.

Атап өтсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтіп жатқан республикалық фестивальге қатысушылар, он екі ұлттық спорт түрлерінен, тай жарыс (4 км), құнан бәйге (7 км), топ бәйге (13 км), тегіс бәйге, аламан бәйге (21 км), көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату және қазақ күресі бойынша бақ сынасады.

Жарыстан бөлек, көрермендер мен қонақтар Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалай алады.

Бұл спорттық шара Қалаллық ипподромда ертең, 19 мамыр күні өтеді.

Өткізу уақыты: 10:00 – 17:00

Кіру тегін.

Сондай-ақ

ВЛАДИМИР КЛИЧКО СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

41 жастағы аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Владимир Кличко карьерасын аяқтады. Бұл туралы …