Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев бүгінгі әлем күресі туралы.
«Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен мықты елдерді нәтижесіне қарап біліп жатамыз.
Мәселен, Лондон Олимпиадасында Ресей – 4 алтын, Жапония – 4 алтын, Иран – 3 алтын, Әзербайжан және АҚШ 2 алтыннан ұтқан. Ал Рио Олимпиадасында Ресей – 4 алтын, Жапония – 4 алтын, Куба – 2 алтын, АҚШ 2 алтын. Бұл көрсеткіштердің өзі осы елдердің күрестен мықты екендігін көрсетеді. Ал жалпы сол елдің ішінде күрес дамуын, көрермендерінен байқауға болады.
Күрестен халықаралық жарыстарға барып жүрген балуандар біледі, ең шулы жанкүйерлер Иранда, Ресейде, АҚШ және Түркияда. Бұл елдің азаматтары күреске деген көзқарасы бөлек, Мәселен, АҚШ-та жалпы университеттер арасында Ұлттық чемпионат өтеді, оның жеңімпаздары ұлттық құрамаға ілігіп Олимпиада ойындарын ұтып жатқандары да бар.
Студенттер арасында Ұлттық чемпионатты ұтып алудың өзі балуан үшін үлкен көрсеткіш. Ресейдің чемпионы болу деген, Әлем чемпионы болумен тең екенін білеміз.
Фотода 2015 жылы Лас-Вегаста болған әлем чемпионаты, залдағы көрермендерді көріп ақ халықтың күреске деген көзқарасын байқауға болады».