Қазақстандық жас кәсіпқой боксшы Али Ахмедов келесі кездесуін Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткізеді.
Али Ахмедов наурыздың 11-і күні өзінің кәсіпқой мансабындағы алтыншы кездесуін Ұлыбритания астанасында өткізбек. 8 раундқа жоспарланған кездесудегі Алидың қарсыласы әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, боксшы соңғы бесінші кездесуін Польшада өткізіп, белорусьтік Владимир Харкевичті ұпай санымен жеңген болатын.