Алматыда жетінші рет футболдан аула командалары арасындағы лига өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ футбол алаңында 121 команданың қатысуымен өткізілді.
1000-ға жуық ойыншы нөсерлеп жауған жауынға қарамастан алаңға шығып, қызықты ойын көрсете білді. Бірінші «А» лигасында – 8-ден 14 жасқа дейінгі ойыншылардың ішінде бірінші орынды «Шмели», ал, екінші және үшінші орындарды «Орда» мен «Бөкейханов» командалары жеңіп алды.

Екінші «Б» лигасында – 15-тен жоғары жастар арасында жеңімпаз болып «Кайфарики» атанса, күміс пен қола «Эвертон» мен АЗТМ-ге берілді.
— Чемпион атанғанымызға өте қуаныштымыз. Дайындығымыз жақсы болды, бірақ қарсыластарымыз да жаман емес. Жігіттермен өз ауламызда жаттығып жүрдік, нәтиже бар. Енді алда жеңісті күндер көп болады деп сенеміз, — деді «Кайфарики» ойыншысы Ален Тауждинов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медалдарға және футболкалараға ие болды, сонымен қатар, оларға аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары таратылды.
Аула лигасының басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, футбол ойының дамыту болып табылады.





DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт