Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (7-0, 6 КО) Қазақ елінде титулдық кездесу өткізетінін жариялады.
15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласында «Tukeshov Boxing Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастырылуымен өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Бобыржан Момынов WBC ACBO Continental құрлық аралық белбеуіне таласады.
Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.
Сондай-ақ, бұл бокс кешінде Ибрагим Ескендір, Еділ Қожамбердиев, Арман Рысбек, Уәлиxан Бисенқұлов, Айдос Ербосынұлы, Руслан Мырсатаев және т.б. боксшыларымыз шаршы алаңға көтерілмек. Жерлестеріміздің қарсыластары әзірге белгісіз.
Сурет: «bobirzhan_mominov» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт