Қытайлық мамандар спортты елдерінде дамытудың жалғыз жолы шет елден мамандар шақырту деп біледі.
Жақында ғана Қытайлықтар Норвегия елінің шаңғы спорты қауымдастығына ашық хат жолдапты. Онда Қытай елінің спортшыларын дайындау мақсатында жаттықтырушылар жіберуді сұраған.
2022 жылғы Олимпиада ойындары Қытай астанасы Пекин қаласында өтеді. Осыған байланысты аспан асты мемлекеті дайындықты бүгіннен бастапты. Олар биатлон, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы секілді спорт түрлеріне Норвегия жаттықтырушыларын алып отыр.
Тағы бір айта кететіні, Қытай елі жаттықтырушыларға сұраған қаражатын төлеуге әзір екен. Тек нәтиже көрсетсе болғаны.
