Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
75 келі дейіңгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз финалда Шотландия боксшысы Вильям Хатчисонпен қолғап түйістірген. Үш раундтың нәтижесінде төрешілер жеңісті Вильямға ұстатты
.
Айта кетейік, бұл Қазақстан Ұлттық құрамасының әлем біріншілігіндегі екінші күміс медалі. Бұған дейін Саматәлі Толтаев (56 келі) АҚШ-тың үміті Марк Кастродан ұтылып, күміс алған болатын.