Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ЧЕЛСИ» — «БОРНМУТТЫ» СЕНІМДІ ТҮРДЕ ЖЕҢДІ

«ЧЕЛСИ» — «БОРНМУТТЫ» СЕНІМДІ ТҮРДЕ ЖЕҢДІ

Маурицио Сарридің шәкірттері қарсыласытарының қақпасына жауапсыз екі гол соғып, кезекті үш ұпайын еншіледі.

Ағылшын Премьер-лигасының 4-ші кезеңінде «Челси» өз алаңында «Борнмутты» қабылдады.

Кездесу басталған бойда «Челси» ойынды өз бақылауына алып, бірінші таймды толықтай қарсылас жақта өткізді. Бірақ бірде-бір гол соға алмады.

Ал екінші таймның екінші бөлігінде Педро мен Азар гол соғып, командасын 2:0 есебімен жеңіске жеткізді.

Осылайша, «Челсиде» «Ливерпуль» секілді қатарынан төрт ойында жеңіске жетіп, Ағылшын Премьер-лигасында 12 ұпаймен екінші орында келеді. Бірінші орында «Ливерпуль» орналасқан, себебі гол айырмашылығы бойынша алда тұр.

5-ші кезеңде «Челси» өз алаңында «Кардиффпен» ойнайды.

«Челси» 2:0 «Борнмут»

Голдар: 72′ Педро, 85′ Азар.

«Челси»: Аррисабалага — Аспиликуэта, Рюдигер, Давид Луис, Алонсо — Канте, Жоржиньо, Ковачич (Лофтус-Чик 79′) — Виллиан (Педро 65′), Мората (Жиру 61′), Азар.

«Борнмут»: Бегович — Фрэнсис, С. Кук, Аке, Рико — Смит (Айб 80′), Гослинг, Лерма (Л. Кук 88′), Фрейзер — Кинг (Муссе 80′), Уилсон.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …