9-11 желтоқсан аралығында биатлон спортынан әлем кубогының екінші кезеңі өтуде.
Словенияның Поклюка қаласында басталған сайыстың бүгін екінші күні із кесу бәсекелері өтті.
10 км-лік, төрт ату айлағынан тұратын бәсекеде маусымның үздігі Германиялық Лаура Дальмайер жеңіске жетті. Неміс қызы екі рет қателікке бой алдырып, екінші орын алған қарсыласы Кайса Макарайненді 16.8 секундқа озып кетті. Өз кезегінде фин биатлоншысы да екі қателікке бой алдырды.
Осы арада Галина Вишневскаяның табандылығын айта кету керек. Ол ізкесу сайысын 25-ші болып бастап, алдындағы 12 спортшыдан озып кетті.
10 желтоқсан. Әлем кубогы. Поклюка (Словения).Із кесу сайысы, әйелдер. Нәтижелер:
1. 🇩🇪 Лаура Дальмайер (0+2+0+0)
2. 🇫🇮 Кайса Макарайнен (0+0+1+1) +16.8
3. (CZE) Эва Пушкарчикова (1+0+0+0) +18.7
—————————————————-
13. 🇰🇿 Галина Вишневская (0+0+0+0) +1,12.4
37. 🇰🇿 Дарья Усанова (2+0+0+2) +2,36.9