Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Александр Меркель Германияның 2-Бундеслигасында ойнайтын «Бохум» командасының неізгі ойыншысына айналды.
Қазақстанда туылып, кейіннен ата-анасымен Германияға көшіп кеткен футболшы биылғы маусымды «Бохум» командасында бастаған. Меркель Қазақстан ұлттық құрамасын Юрий Красножан басқарып тұрған кезде құрамаға шақырту алып, паспортын ауыстырған болатын. Былтырғы маусымда футболшы швейцариялық «Грассхоппер» командасында ойнаған. Алайда Швейцарияда ойыны жүрмеген футболшы биыл «Бохум» сапына ауысқан еді. 2-Бундеслигада футболшы 15 ойынға қатысып, 2 нәтижелі пас шығарды. Ал «Бохум» 17 турдан кейін 22 ұпаймен 11-орында келе жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Меркель ұлттық құрама сапында алғашқы және әзірше соңғы кездесуін 2015 жылы Исландия құрамасына қарсы өткізген.