Астана қаласында ересектер арасында теннистен Қазақстан біріншілігі өтті. Теннис орталығында өткен сайыста Кәмила Керімбаева мен Тимур Хабибулин жеңіске жетті.
Шымкенттік спортшы қыз Кәмила Керімбаева финалда Алматылық Дарья Детковскийді 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Үшінші орын үшін таласта Александра Гринчишина (Алматы) Камила Болатованы (Астана) 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Ерлер арасында Алматылық спортшы Тимур Хабибулин жеңіске жетті. Ол финалда Шымкент теннисшісі Роман Хасановты 6:4, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Үшінші орында Алматылық Денис Евсеев.
Жұптық сайыста Алматылық Алексей Кедрюк/Тимур Хабибулин пен Шымкенттік Камила Керимбаева\Дарья Детковская жұптары чемпион атанды.