Басты бет / Қысқы спорт / УНИВЕРСИАДА АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН, СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ КҮТІП ТҰР

УНИВЕРСИАДА АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН, СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ КҮТІП ТҰР

Алматы төрінде Универсиада аяқталғаннан кейін, Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындарының алауы жағылады.

Жапония Азия ойындарының отаны болып саналады. Бұл жапондардың төртінші ойыны болмақ. Ең алғаш Қысқы Азия ойындары 1986 жылы осы елде өткен болатын. Екінші рет 1990 жылы да осы қалада ұйымдастырылды. Ал үшінші рет 2003 жылы Аомори қаласында өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы VII Азия ойындары 2011 жылы қазақ елінің Алматы және Астана қалаларында өткен болатын. Онда жерлестеріміз 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальмен тарихи жеңістеріне қол жеткізген еді.

 
Төртінші рет Саппоро қаласында өткелі отырған VIII Азия ойындарына 45 елдің спортшылары қатысады деп күтілуде. Олар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынамақ. Азия ойындары ақпанның 19-ы мен 26-сы күндері өтеді.

 

 

Сондай-ақ

ЧИЛМАНОВ ТУРНИРІ ЖОҒАРЫ САНАТТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАЛАР ҚАТАРЫНА ЕНДІ

  Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилмановтың жүлдесіне арналған Халықаралық «Kazakhstan Open» турнирі  G1 категориясын …