Италияның Ренон қаласында хоккейден Құрлықтық кубоктың Суперфиналы өтті.
IIHF ту астында өткен биылғы турнир 20-сыншы мәрте ұйымдастырлып отыр. Ең алғаш 1997 жылы бастау алған болатын.
Құрлықтық кубоктың Суперфиналына Атыраулық «Бейбарыстан» бөлек Даниялық «Оденсе», Италиялық «Риттен Спорт» және Ұлыбританиялық «Ноттингем Пантерз» командалары қатысты.
Атыраулық ұжым Ренон қаласында күміс жүлдегер атанды. Бұл Қазақстан клубтарының алғаш рет құрлықтық кубоктың Суперфиналында жоғары нәтиже көрсетуі.
«Бейбарыс» өткізген үш ойында да ұпай еншіледі.
Суперфиналдың үздік сұр мергендері болып «Бейбарыстың» ойыншысы Альберт Вишняков танылды.