Басты бет / Басқа түрлер / «ДАКАР» РАЛЛИ-МАРАФОНЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚҚА ТОЛЫ КЕЗЕҢ

«ДАКАР» РАЛЛИ-МАРАФОНЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚҚА ТОЛЫ КЕЗЕҢ

 

«Дакар-2017» ралли-марафонының төртінші кезеңі мәресіне жетті.

«САН САЛЬВАДОР ДЕ ХУХУЙ» — «ТУПИЗА» аралығын қамтитын Аргентина мен Боливия елдерін басып өтетін кезең 521 км-ді құрады.

Боливия аймағы Қазақстандық экипаж үшін аса күрделі болды. Теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте орналасқан таулы аймақта жүк көлігіміз сыр беріп, бұзылып қалды. Биіктікке шыға алмайтынын білген Артур Ардавичус экипажы тауды айналып өтті. Сол себепті жетуге тиіс бірнеше нүктеге жете алмадық. Сайыс біте салысымен 12 сағатқа жуық айып уақыты берілді.

 

Денис Березовский мен Алексей Никижев жұбы Т-2 «Production» категориясында өз орынын сақтап, жалпы есептегі орнын жақсарта түсті. Жеңіл құм үстімен жүріп өту оңайға соқпасы анық. Сондықтан бұл кезең барлық қатысушылар үшін аса ауырға соқты. Келесі кезеңде теңіз деңгейінен 4500 метр биіктікте орналасқан аймақта өтеді.

Дәл қазір «MAN TGS» жолтаңдамайтын автокөлігімен Т-4  сынында жарысқа түскен Артур Ардавичус экипажы машинаны жөңдеумен айналысуда.

 

 

 

Сондай-ақ

БАЛАНДИН БҮКІЛӘЛЕМДІК УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕЛШІСІ

  ҚазҰУ студенті, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының елшісі болып тағайындалды. Республикалық …