Басты бет / Қысқы спорт / Биатлон / БИАТЛОННАН IBU КУБОГЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

БИАТЛОННАН IBU КУБОГЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

 

Норвегияның Бейтостолен қаласында IBU кубогының алғашқы кезеңі өтті.

Бүгін ерлер 10 км-лік спринттік сайыста бақ сынады. 125 спортшы қатысқан сында ерлер арасына енді ғана өтіп, өз бақтарын сынап жатқан биатлоншыларымыз орташадан төмен нәтижеге қол жеткізді. Ешқандай ғажайып орын алған қойған жоқ.

Қазақстандық биатлоншылар ату жағынан да, жылдамдығы жағынан да қарсыластарынан айтарлықтай қалып қойды.

Қорытынды нәтиже мынадай:

1. Ветле Шостад Кристиансен (Норвегия)
2. Роман Риз (Германия)
3. Вегард Гьердмунсхауг (Норвегия)

39. Роман Ерёмин 29:57.0 [4(2+2)] +3:00.4

54. Владислав Витенко (дебют) 30:41.7 [3(2+1)] +3:45.1
105. Тимур Куц (дебют) 33:30.6 [7(3+4)] +6:34.0
117.Владислав Миропольский (дебют) 35:16.7 [8(3+5)] +8:20.1

Сондай-ақ

БОТСВАНАЛЫҚ БОКСШЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН АЛҒАН ЖАРАҚАТЫНАН КЕЙІН ҚАЗА ТАПТЫ

Ботсвана елінің кәсіпқой боксшысы Герберт Нкабити жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты. Ауруханада бірнеше күн жатқан …