Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Баландин Жапония және Қытай спортшыларын алға жіберді. Біздің спортшының көрсеткіші — 59.39.
Айта кету керек, Дмитрий Баландин Олимпиада алтынын 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңіп алды. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты бұл қашықтықтағы жарысқа қатыса алмайды.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт