Жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио «Ювентустан» кетті.
Қос тарап келісімге келіп келісімшартты бұзуға шешім қабылдады.
32 жастағы жартылай қорғаушы туриндік клубтың шәкірті болып табылады, ол барлығы клубта 25 жыл өткізген.
Италиялық ойыншы «Ювентус» академиясына 1993-шы жылы қосылған. Ол 2004/05 және 2005/06 маусымдарда бірінші команданың жаттығуларына қосылып жүрген.
2006-шы жылы Италия Кубогында «Ювентустің» негізгі құрамында алғашқы ойынын өткізді. Клуб сапында барлық додаларда 389 ойынға қатысып, 37 гол соққан.
Жеті рет Италия чемпионы, үш рет Италия Кубогының иегері және төрт рет Италия Супер Кубогының жеңімпазы атанған.
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт