Басты бет / Без рубрики / ГОЛОВКИННІҢ ЖАНКҮЙЕРІ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ АТАНДЫ

ГОЛОВКИННІҢ ЖАНКҮЙЕРІ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ АТАНДЫ

 АҚШ-тың республикалық партиясының атынан шыққан Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті.

Жалпы Трамп 57,528,230 (47.9%) дауыс жинады, ал қарсыласы Хиллари Клинтон —56,770,189 (47.3%) дауыс жинады.

Еске салайық, былтыр қазан айында Дональд Трамп Геннадий Головкин мен Давид Лемьеның кездесуі алдында отандасымыздың дайындалатын бөлмесіне барып оған қолдау көрсеткен болатын. Сонымен қатар, ол Геннадийды ұлы боксшы екенін айтып, оның Флойд Мейвезермен кездескенін көргісі келгенін айтқан. Жалпы Трамп спортқа біраз қаражат бөлгені белгілі, ол кезінде Федор Емельяненконың кездесулерін қаржыландырған еді.

Сондай-ақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

  Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың үшінші күні Қазақстандық …