WBA (Regular) версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс Головкинді Ресейден көшіп келген деп мәлімдеді.
Одан бөлек, боксшы Головкинді «ресейлік «жан алғыш» деп атады.
«Головкиннің Брукпен өткізген кездесуін толық зерттеп шықтым. Брук соққы жасаған кезде қолын кең ашып, жойқын соққы бағыттай алмаған. Ол тек жақын аралықтан ғана соққы жасап үлгерген. Сондықтан-да, Головкин ешқандай ауыр соққы сезбеген. Бокска алғаш рет аяқ басқанда Ресейден келген «жан алғыш» туралы еститінмін. Головкин әрқашан менің бақылауымда болды. Ол өте мықты боксшы. Оның техникасы туралы айтудың да өзі артық. Бірақ мен физикалық турғыда мықтымын, қолымды кең сермеп жойқын соққы бағыттай аламын. Ең бастысы — өз күшімді толықтай көрсетуім керек», — деді Джейкобс, Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.