Басты бет / Бокс / ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАР БҮКІЛ РЕСЕЙЛІК ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМ БОКСШЫЛАР БҮКІЛ РЕСЕЙЛІК ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 

3-6 қараша аралығында Ресей федерациясына еңбегі сіңген жаттықтырушы Николай Дмитриевич Хромов атындағы XV Бүкіл ресейлік ашық турнир мәресіне жетті.

Николай  Хромов 4 Олимпиада чемпионын, 8 әлем чемпионын және 8 Еуропа чемпионатының чемпионын жаттықтырған білікті бапкер. 2009 жылы бапкерге AIBA бокс одағы жылдың ең үздік жаттықтырушысы атағын берген. Биылғы туринр 70 жылдық мерей тойға сәйкес келіп отыр. Осы орайда бүкіл Ресейлік турнирге келген құрметті қонақтардың қатары көп.

XV дәстүрлі турнир Ивантеевки қаласында өткізілді. Қазақстан жасөспірімдері бұл сында 4 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль еншіледі, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты.

Алтын:

Қабдеш Тимур
Жарқынбек Әлібек
Оралбай Айбек
Шайкен Талғат
Күміс: 
Оралбай Нұрбек
Досанов Айбек
Қола:
Пернехан Бекен
Нұриденов Нұрсұлтан
Жексен Бейбарыс
Молдашов Нығметолла

Ермахан Жақбеков

 

Сондай-ақ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ҮШ ҚОЛА

  Болгария астанасы София қаласында спорттық және әскери самбодан әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың үшінші күні Қазақстандық …